Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінде түрлі салада еңбек етіп жүрген бір топ батыр аналарға құрмет көрсету мақсатында «Ананы құрметтеу жұмаққа жетелейді» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қала имам орынбасары Мұхамеджан Естамиров, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Исамиддин баба» мешітінің имамы Ербосын Орын, Еңбекші ауданы имамы Берік Қалдаров және қаламыздың өркендеп дамуына үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген әр түрлі саладағы ақ жаулықты аналар қатысты.
«Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін аналар қашанда кез келген құрмет пен мадаққа лайықты» деген қаланың бас имамы Бас имам Бақдәулет қажы Нұрматұлы құттықтау сөз алып, бір топ аналармыздың ерен еңбектерін елеп, өз атынан алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі