Шымкент қаласының «Айқап» мешітінің «Әйел-қыздар» секторы Құран әліппесін оқып бітіріп, Құран Кәрімді оқуға көшкен 45 шәкіртіне салтанатты түрде «Ғаламның нұры- Құран» атты құттықтау кешін ұйымдастырды.
Кешті ҚМДБ Шымкент қаласының «Әйел-қыздар» секторы жетекшісі Досжанова Балжан Асылхан қызы ашты.
Кеште әуелі Құран оқылып, артынан Құран оқудың ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар иләһи әндер айтылып, «Құран мен әліппенің әңгімесі» атты көрініс және Құран жайлы өлең жолдары оқылды. Кештің соңында шәкірттерге сыйлықтары беріліп, бастарына тәжі кигізілді.
Әжелердің батасымен кеш жабылды.
Осы кеш үшін белсене атсалысқан үлкенді-кішілі барлық шәкірттерімізге, ұйымдастырған ұстаздарымызға, соның ішінде ерекше атап өтер болсақ сыйлықтарды өз өнерімен сызып дайындаған Жұмагүл Нәубет Рахматулла қызы ұстазға үлкен алғысымызды білдіреміз.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі