Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент орталық мешітінің найб имамы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі» атты шағын еңбек жарық көрді.
Өздеріңзге белгілі, жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» атты тұжырымдамасын ел халқына ұсынған болатын. Осы бастама аясында шағын еңбекте Хәкім Абайдың өнегелі өсиет сөздері мен рухани тәрбие – Ихсан ілімі жөнінде материалдар енгізілген. Кітапқа Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің профессоры, ұлағатты ұстаз Әмір Мұсақұлұлы пікір жазған.
Кітап авторы М.Естеміровтің бұған дейін бірнеше кітаптары мен ғылыми көпшілік мақалалары жарық көрген. Шағын кітапшаны медреселер мен мешіттерге, кітапханаларға үлестіруді жоспарлауда.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі