ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент орталық мешітінде «Ақида һәи Ихсан ілімі» атты аймақтық танымдық рухани семинарына қатысты.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы сөз алып, жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» атты рухани тұжырымдама айта келе, осы бағыттағы насихат жұмыстарды күшейтуді айтып өтті.
Рухани бастаманы кеңінен насихаттау һәм түсіндіру мақсатында ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы арнайы ақида, усул фиқһ, ихсан ілімі мен сопылық туралы кеңінен түсіндіріп, дәріс оқыды.
Аталмыш семинарға қалалық дін істері басқармасы «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» ҚММ-нің теолог-мамандары, мешіт имамдары мен мешіт жанындағы жеті бағытқа жауапты мамандар қатысты.
Танымдық рухани семинар барысында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі