ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент қаласына ресми сапармен келді.
Сапар аясында бірнеше күн бойы Шымкент қаласына қарасты мешіт имамдарына және сала бойынша, оның ішінде діни оңалту, жат ағымдармен жалпы және жеке кездесулер, шариғат және пәтуа беру мәселелері, «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» бағыттары бойынша дәріс оқиды деп жоспарлануда.
Әуелі, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы діни оңалту һәм жат ағымдармен жұмыс бөлімінің мүшелеріне арналған «Жат ағымдағыларды оңалту – ортақ міндет» атты аймақтық танымдық діни семинарына қатысып, дәріс оқыды.
Сондай-ақ, әсерлі өткен семинар аясында бөлімге қатысты қойылған өзекті деген сұрақтарға кеңінен жауап берді.
Басқосу аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы сөз алып, имамдар өздеріне мол тәжірибе алғандығын атап өтіп, ұстазға рахмет айтып, ризалығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі