ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде  «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында «Зияткер имам» атты аймақтық имамдар форумында бірқатар имамдарымыз  «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

         Марапаттау барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп,  марапат иелерін құттықтады.  

         Айта кетсек,  «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен Шымкент қалалық мешіттің найб имамы Қазыбек Сарыбаев, Әл-Фараби аудан бас имамы Ахметжан Керімбек, «Мейірман» мешітінің имамы  Дәуренбек Тасқараев,  «Исамиддин баба» мешітінің ұстаз-қары Кәмілжан Садықовқа табыс етілді. Марапат құтты һәм жемісті болсын!  

ҚМДБ-ның Шымкент қалалық мешіттің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38