Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Әр аптаға бір іс-шара» бағыты бойынша Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы Бекбауов Алижанның ұйымдастыруымен, мешіттер аралық шәкірттер арасында карантин талаптарын сақтай отырып, қасиетті Құран Кәрімнің 30 шы парасынан жарыс өткізілді. Жарысқа Шымкент қаласы оталық Ақмешітінің найыб имамы Сәрсенбаев Меірбек қари және Еңбекші ауданының бас имамы Қалдаров Берік имам қатысып, жүлде алған шәкірттерге сый сияпаттар табыстады.

ҚМДБ Шымент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38