ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің ұйытқы болуымен Ардақты пайғамбарымыздың туылған Мәуліт айының құрметіне рухани шара ұйымдастырылды.
Рухани шара барысында ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов құттықтау сөз сөйлеп, қасиетті Мәуліт айының қадір-қасиеттері жөнінде уағыз айтты.
Рухани шара барысында Исламхан қажы Әбілазимов мырза Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с) мүбәрак шашын жамағатқа көрсетіп, үлкен қуанышқа бөледі.
Сондай-ақ, Шымкент орталық мешттің ұстазы Нұрсұлтан қари Мәметалиев пен «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміре әсерлі уағыз айтса, ұстаз Мейірбек қари Сәрсенбаев хұтбасын оқыды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі