ҚМДБ  жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институты (ИБЖИИ) 2001 жылдан бері еліміздің және шетел имамдарының білімі мен біліктілігін шыңдап келеді. Ислам институтында өткізілетін сабақтар ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің шешімімен бекітіледі.

         Әлемге дүрбелең салған жағдайларға байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  тікелей қолдауымен оқу онлайн негізінде жүргізіліп келеді. Ислам институтының директоры Серікбай қажы Сатыбалдыұлының  жетекшілігімен Ислам институты ұстаздары ҚМДБ дін қызметкерлеріне қашықтан оқу бағдарламасы арқылы сабақ беруде. Ислам институты қабырғасында екінші рет ұйымдастырылып отырған бір айлық онлайн курсты 72 имам аяқтап шықты.

          Аталмыш оқу орынының кезекті курсын онлайн тамамандаған Шымкенттік имамдарға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов арнайы қатысып, куәліктерін табыс етті. Осы топтың ішінде көп жылдық тәжірибесі бар, білікті маман, магистр Шымкент қаласы орталық мешіттің найб имамы Мұхамеджан Естеміров қызыл дипломмен тамамдады.

         Айта кетсек, қашықтан оқу барысында дін қызметкерлері әлеуметтік желінің (Skype, Zoom)  бағдарламаларының бар мүмкіндігін пайданалып отыр. Және оқу бағдарламасына сай имамдар Құран, фиқһ, ақида пәндерінен жеке-жеке емтихан тапсырып, білімдерін шыңдауда.

         ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38