Жуырда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйырығымен бірқатар мешіт имамдары жаңа қызметке тағайындалды.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың ұсынысымен Шымкент қаласы, Абай ауданы «Темірші ата» мешітіне бас имам болып тәжірибелі маман, қари Ербол Қалшабек тағайындалса, осы ауданға қарасты «Бибісара ана» мешітіне бас имам қызметіне ауылдық, аудандық мешіттерде қызмет атқарған тәжірибелі һәм білікті маман Байболов Кәрім Жетпісбайұлы тағайындалды.
Ресми таныстыру жұмысына Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәміш қатысып, мешіт ұжымы мен жамағатына таныстырды.
Жаңадан тағайындалған әріптестерімізге қызметте табыс, абырой һәм жетістіктер тілейміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі