Бүгін, қасиетті жұма күні, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйырығымен тәжірибелі һәм білікті маман Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы қызметінен босатылып, Шымкент қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі әрі, «Масжидур Рохман» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Таныстыру шарасына Шымкент қалалық орталық мешіттің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, қала бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізді.
Әріптесімізге қызметте табыс, абырой һәм жетістіктер тілейміз.
Керімбеков Анарғали Пірәліұлы 1989 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі: 2011-2015 жылдары Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың дінтану мамандығын бітірген. 2020 жылы Алматы қаласындағы 2 айлық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтын бітірген.
Еңбек өтілі: 2013-2015 жылдары Орал қалалық мешіттің іс басқарушысы. 2015-2016 жылдары Шымкент қаласы «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің молдасы. 2016-2017 жылы Жамбыл облысы, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің найб имамы. 2017-2019 жылы Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «А.Қаттани» мешітінің найб имамы. 2019 жылдан Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы және Жастар ісі секторының міндетін атқарды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі