Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Халифа Омар»мешітінің имамы Данабек Әліпбайұлы мен Абай ауданы бойынша зекет қорының өкілі, Садиев Әлжан мырзаның ұйытқы болуымен, көп балалы аналар мен, аз қамтылған 15 отбасыға азық түлік таратылды. Аталмыш іс шараға, Шымкент қалалық орталық мешітінің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы мен Абай ауданы бас имамы Жәміш Бердалы қатысып, аналарға ақ тілегін айтып, демеушілік еткен жомарт жандарға дұға жасады. Осы іс шараға ат салысқан барша жандарға, Алла разы болғай.