Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының мұрындық болуымен «Күніміздегі мұсылман әйелінің дәстүрлі киім үлгісі» атты шарасы өткізілді.
Игі шараға қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, «Әжелер» мектебінің және ерікті әйелдер тобының мүшелері қатысты.
Шара аясында Азамат Әбдікерімұлы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының арнайы құттықтауын жеткізіп, әрі игілікті іске сәттілік теліді.
Сондай-ақ, шара барысында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторына қарасты және ерікті топ мүшелерінің қыз-келіншектер өздері бірігіп тіккен ұлттық, һәм діни бағытымызға сай келетін әйел-қыздардың киім үлгісін көрсетті. Дайындалған киімдер ҚМДБ тарапынан берілген талаптарға сәйкес жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі