Kumandanu

Kumandanu

 

Бірде ибн Уқәйл есімді ғалымға бір адам келді. Ол адамның барлық нәрседен күмәндану әдеті болатын. Ол Ибн Уқәйлдің жанына отырып былай деді: «Тақсыр, мен бірнеше рет шомылдым. Дегенмен, қазір ғұсылды орындаған-орындамағанымнан күмәнданып тұрмын. Бұл мәселеге қатысты не айта аласыз?».

Имам ибн Уқәйл кідірместен: «Еш уайымдамаңыз! Осыдан соң ғұсыл тұрмақ, тіпті намаз оқымасаңызда болады»,– деді.

– Қалайша?!,– деді таңданып.

– Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Үш адамға күнә жазылмайды. Ақылынан адасқан адамның ауруынан айықпағанынша, ұйқыдағы кісінің оянбағанынша және жас баланың балиғат жасына жетпегенінше». Ал, сіз тәрізді барлық нәрседе күмәнданған адамның, сөз жоқ, дені сау емес.

 

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38