Бүгінде адамзат өз болмысын жоғалтып, Алла Тағаланың берген адамдық нығметті аттап өтіп, қарым-қатынас ұғымын, сыйластық пен бауырмалдылықты жоғалтып бара жатқандай.
Мұсылманның мұсылман алдындағы міндеттерінің бірі – ол бауырына мейірімді болу:
وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِن۪ينَ
- «Мүміндерге өте мейірлі, кішіпейіл бол» («Хижр» сүресі, 88-аят).
Бізге Яхия ибн Бәкір, Бізге Әл – Ләйс Ақилден, Ибн Шиһабтан: Расында Сәлим оған былай деді: Расында Ибн Омар (р.а.) оған былай деп жеткізген хадисте:
«Аллаһ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Аллаһ тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Аллаһ тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп айтты».
- Мұсылманның мұсылман алдындағы міндеттері бірі – жақсылықта жәрдемдесу :
وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ
«Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты»
Бұл аятта Алла Тағала өзінің мумин құлдарына бір – біріне өзара жақсы, хайырлы істерде, тақуалықта жәрдемдесуді бұйырып, ал жалған, жаман нәрселерде өзара жәрдемдесуден тыйып жатыр.
Мұсылманның мұсылман алдындағы міндеттері бірі -пайғамбарымыз айтып кеткен өсиеттер:
عن أبي هريرة أنَّ رسول اللهِ قال : » حقُّ المسلمِ على المسلمِ خَمْسٌ: ردُّ السلام ، و عيادةُ المريض ، وَ وَ اتِّباعُ الجنائز، وَ إجابةُ الدَّعود، وَ تشميت العاطس» وَ في روايةٍ لِمسلمٍ : » حقُّ المسلمِ سِتٌّ: إذا لقيتهُ فسَلِّمْ عليه، وَ إذا دعاك فأَجِبْهُ ، وَ إذا استنصحك فانْصَحْ له، وَ إذا عطس فَحمد اللَّهَ فَشمِّتهُ. وَ إذا مَرض فعُدْهُ، وَ إذا مات فَاتَّبعهُ»
Әбу һурайра (р.а) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (с.а.с): «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында бес міндеті бар: «Сәлем бергеннің сәлемін алу, науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, шақырған жерден қалмай бару және түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айту», – деген» – делінген.
Осы хадисті Имам Муслим: «Аллаһ елшісі (с.а.с): «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында алты міндеті бар: «Мұсылман бауырыңмен көріскенде сәлем бер; сыйлап шақырса, шақырған жерге бар; ақыл сұраса, қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілте; түшкіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтса, «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айт; ауырып қалса, барып көңілін сұра; қайтыс болса, жаназасына қатыс», – деп айтты», – деп жеткізген.
– Мұсылман бауырыңмен көріскенде сәлем беру:
Расында Ислам дініндегі сәлемдесу сонау Адамнан (оған Алланың сәлемі болсын) келе жатқан дәстүр болып саналады. Сәлем ол мұсылмандар арасында өзара бір-біріне деген махаббатты, сүйішпеншілікті, өзара бір-біріне деген сенімділікті тудырады.
Сәлем – ол бізден иманымыз талап ететін махаббаттың тууына себеп болады. Ал сол иманымыз бізді жаннатқа сүйрейді емес пе !
Пайғамбарымыз (с.а.с) айтады:
«Сендер иман келтірмегенше жаннатқа кірмейсіңдер! Ал бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше иман келтірген болып саналмайсыңдар. Сендерге сондай бір нәрсені айтайың ба, егер оны қылсаңдар бір-біріңді жақсы көрген болып саналасыңдар – ол өз араларында сәлемді жаю» – деген.
Адамдардың жақсысы сөзін сәлеммен бастағыны емес пе!
Сәлем беру – сүннет , ал оған жауап қайтару – уәжіб. Өйткені, сәлемге жауап қайтармау оны кемсіткенмен тең. Біреуді кемсіту оған зиян беру дегені. Ал, шариғатымыз біреуге зиян беруден тыйған. Сонымен , сәлем берумен қатар, оған жақсы жауап қайтаруымыз да міндет екен.
- Сыйлап шақырса, шақырған жерге бару.
Қазақ халқында «Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» – деген мақалда баршылық.
- Ақыл сұраса, қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілтеу:
Яғни сенен бір іс жөнінде ақыл-кеңес сұраса қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілте. Егер ол іс тек жақсылық әкелетін болса оған оны барынша істетуге тырыс, ал егер жамандық алып келетін болса қолыңнан келгенше одан оны сақтандыр. Ал егер жақсылығы мен жамандығы тең болса оны оған баянда және жамандықтары мен жақсылықтарын таразыла.
Өзіңе қандай ақыл-кеңес айтсаң өзгеге де соны қала. Және де мұсылмандарды алдаудан сақтан өйткені мұсылманды алдаған мұсылмандардан емес.
- Түшкіргеннен кейін Аллаға мадақ айтса, «йәрхамукаллаһу» (Алла сені рақымына бөлесін) деп айт:
Түшкіру адам баласына Алла Тағаланың берген нығметтерінің бірі. Түшкірген адамның «Әлхамдулиллаһ» деп айтуы, оны естіген адамның «Ярхамукаллаһу» деп-айтулары шариғаттан болып табылады. Ал түшкіргеннен кейін хамд айтау екі нығметтен құр қалдырады:
Біріншіден: Аллаға хамд айтпайды, екіншіден бауырының өзіне деген сыйлы дұғасынан мақрұм қалады.
- Ауырып қалса, барып көңілін сұрау:
Жалпы ауырып қалған адамның көңілін сұрау, оны зиярат ету үлкен сауапты іс. Көңілін сұрап барған адамға зиярат әдебін сақтай отырып оған – сабырлы бол, Алла қаласа сенің күнәларыңды кешіреді -деп көңіл айтып, оған артынша Алла дертінен сауықтырсын деп дұға жасау керек.
Пайғамбарымыз Ибн Аббас (Алла оған разы болсын):
«Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі болсын) ауырып жатқан бір бәдәуидің көңілін сұраған еді. Аллаһ елшісі (оған Алланың сәлемі болсын) біреудің көңілін сұрай барғанда: «Ештеңе етпейді, (тағдырыңа налымай басыңа келген дертке сабыр сақтай білсең) Аллаһтың қалауымен осы дерт сені күнәларыңнан тазартады», – деп жұбататын еді», – деген.
- Қайтыс болса, жаназасына қатысу:
Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (с.а.с): «Кімде-кім шынайы сеніммен және сауабын бір Аллаһтан ғана күтіп, мұсылман бауырын ақтық сапарға шығарып салу жолында жаназа намазынан бастап, оны қабірге қойғанға дейін атсалысса, әрбірі Ұхұд тауы сияқты таудай екі сауапқа кенеліп қайтады. Ал кімде-кім жаназа намазына ғана қатысып, жерлеуге қалмай қайтып кетсе, Ұхұд тауы сияқты таудай бір сауап алып қайтады», – деп айтты.
Қазақта мынадай сөз бар: Бір дос бар, қолыңнан мал кеткенше
Бір дос бар, мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар, кеудеңнен жан кеткенше.
Алла Тағала баршамызға ауыз біршлік, қай кезде де болсын, бір-бірімізге қол ұшын созып жердем бере алатын, нағыз бауырмашыл пенделерден болуымызды нәсіп етсін.
Шымкент қ. Еңбекші ауд, «Әл-Біләл» мешітінің найб имамы: Жолдасов Ақылжан Ильясұлы.