Шымкент қалалық «А.Қаттани» ешітінің мәжіліс залында Құрбан айт мерекесінің келуіне орай «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Аталмыш семинар-тренингке облыс имам орынбасары М.Естеміров, Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы әрі Халал бөлімінің жектекшісі Б.Абдірахманов және облыстық «Зекет» қорының орынбасары Ғ.Назаровтар қатысып, шариғат жолымен мал соя туралы дәріс оқыды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты қалалық, аудандық мешіттерде осы бағыттағы дәрістер ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі