SAM 874

 SAM 874

Кеше, қасиетті жұма күні Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында орналасқан Сырдария университетінде Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Құрбан айт- құтты мереке» атты студенттермен жиналыс өткізілді. Жиналысты Аудандық жастар ресурстық орталығы КММ- і директоры Мұхтар Бейсенов ашып беріп, Құрбан айт жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті. Сөзін жалғастыру үшін аудан ақсақалы Елемес қажы Сабыровқа беріп, сөз соңынан ол кісіден жастарға бата алды. Кейіннен PhD докторы Шағырбаев Алмас қазіргі таңдағы Сирия жағдайы жайлы баяндама оқып, студенттерге мәлімет берді. Баяндамадан кейін сөз алған Мақтарал аудандық орталық «Нұғман» мешітінің бас имамы міндетін уақытша атқарушы Шаймерден Бағдат залда отырған студенттерге қазіргі таңдағы жат діни ағымдар және экстремизм, терроризм мен радикализм жайлы үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. Соңына келе жастардың қандайда болмасын, дүниелік не діни ілім болсын дұрыс уақытында алу керектігін, болашақ- жастардың қолында деп Елбасымыз бекер айтпаған, болашақ- ол біз, елдің ертеңі біз, сол үшін ілім алуға талпынайық!- деп өз баяндамасын қорытындылады. Жиналыс соңында университет құрылымына көп еңбегі сіңген О. Аяшевтың кітабы жиналысқа қатысушы дін өкілдеріне сыйға берілді.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 SAM 871

 SAM 872

 SAM 873

 SAM 874

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38