Кеше яғни, 07 қыркүйек күні Аудандық «Нұғман» мешітінде имам- молдалар және аудандық ішкі саясат бөлімі қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті. Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы міндетін уақытша атқарушы Шаймерден Бағдат жиналысты ашып беріп, ең әуелі ауданда орын алып жатқан игі істерді атап өтті. Сонымен қатар алда келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай атқарылатын іс- шаралар бойынша аудан имам- молдаларымен ақылдаса отырып, қасиетті құрбан айт мерекесіне орай уағыз- насихат жұмыстарын күшейту, арафа күні шалынатын мал құрбандыққа жатпайтыны жайында үгіттерді жүргізілуін қадағалауды өңір кураторларына бекітті. Сонымен бірге медициналық кітапша әрбір мешіт қызметкерінде болуын қадағалауды тапсырды. Осы уақыттан бастап, жылдық есеп бойынша есептерін алдын- ала дайындық жасалуын, баспасөз қызметін жандандыруды да естен шығармауды бұйырды. Және де Аудандық ішкі саясат, сектор бөлімінің басшысы Есенбеков Омар ағымдармен жұмысты күшейту керектігін айтып, қандай да бір түсініспеушіліктер мен қақтығыстар орын алған жағдайда дер кезінде әкімшілік тарапына жүгінуді ұсынды. Жиналыс соңында ҚМДБ бекіткен 4 бағытының бірі болған қайырымдылық іс- шараларына әкімшілік тарапынан көмек берілетінін айтты.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітініңбаспасөз қызметі