ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғыз елінің белгілі дін қайраткерлері Чубак қажы Жәлилов пен Садридин қажы Маджитовтің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Соңғы бірер күнде қырғыздың белгілі дін қайраткерлері дүние салды. Кеше Бішкек қаласының қазиі Садридин қажы Маджитов, бүгін Қырғыздың бұрынғы мүфтиі, белгілі дін ғалымы Чубак қажы Жәлилов өмірден озды.

Чубак қажы да, Садридин қажы да Ислам дінінің насихатшылары, дін білгірлері еді. Әсерлі уағыз-насихаттары арқылы көптің көңіліне жол таба білді. Көптеген шәкірт тәрбиеледі. Қырғыз жұртын имандылыққа, ізгілікке шақырды. Алла Тағала ол кісілерді алдынан жарылқап, ақыреттік жайын жәннаттан еткей!

Олардың уағызынан сусындаған, насихатынан тәлім алған шәкірттері арасынан ұстаздың жолын жалғар шәкірттер көптеп шыққай. Өз атымнан және Қазақстан мұсылмандары атынан туысқан Қырғыз жұртына қайғыра көңіл айтамын» делінген Бас мүфтидің жеделхатында.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38