SAM 859

 SAM 859

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігі облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында Құрбан айт мерекесіне орай БАҚ өкілдеріменің қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифингке облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек және оның орынбасалары Мұхамеджан Естеміров пен Бекайдар Әміре т.б. қатысты. Брифинг барысында мына мәселелер қаралады. 2016 жылдың 12 қыркүйегі күні басталатын қасиетті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынады. Дәстүрлі түрде айт мерекесі күндері мешіттерде ұлттық салт-дәстүрге сәйкес өткізіледі. Онда ұлттық ойын түрлері, мерекелік дастархан жайылады.
Сондай-ақ, қасиетті мереке қарсаңында, яғни 10-қыркүйегі күні тазалық күні деп белгіленді. Мұнымен қатар, ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен мерекесі күндері облыс бойынша 36 (отыз алты) орында құрбан малын соятын орындар дайындалуда. Аталмыш мал соятын орындар арнайы бақылауға алынып, оның тазалығы мен барлық жағдайы шариғат талабы мен ережесіне сай орындалады.
Биылғы жылы Құрбан айт намазы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сағат: 07.40-та оқылады.
Жалпы, брифинг барысында облыс имамы А.Керімбек БАҚ өкілдері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 SAM 858

 SAM 859

 SAM 860

 SAM 861

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38