SAM 857

 SAM 857

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты Сарыағаш ауданы орталық «Сарыағаш орталық» мешітінде қыздар сауат ашу курсы ислам дінін үйрену үшін арнайы қызмет көрсетті.
Онда қыздарға ақида, фикһ, сира, Құран бойынша Нарметова Захира дәріс оқыды.
Тоқсан бойы берілген дәрістің соңы емтихан алу әрі арнайы сертификаттар табыстау арқылы қорытындыланды. Білім алған қыздарымыздан емтихан алу үшін ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің найб имамы Е.Қарақұлов және Шымкент қаласы Абай аудандық «Қождан ата» мешітінің бас имамы Д.Желеуов арнайы шақыртылды.
Емтиханды қорытындылап, сертификаттарды Е.Қарақұлов пен аудан имамы Б.Қалдаров табыстап, шәкірттерге ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да еліне қызмет ететін инабатты да ибалы болып өсуіне тілектерін білдірді. Бұл үрдіс бұдан кейін де жалғасын табатынын жеткізді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 SAM 854

 SAM 855

 SAM 856

 SAM 857

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38