SAM 816

 SAM 816

Алла тағала жер бетіне адамзатты халифа етіп жаратқан соң, оған (Адам а.с) көптеген нәрселерді үйретті. Алла елшісі (с.а.с)- не де ең алғашқы түскен аяттар да «Оқы!»- деген бұйрықпен келді. Себебі білім, ол- бабаларымыз айтқандай, инемен құдық қазғандай. Оның қиыншылығын жас кезде көрген жан ертеңіне рақатын сезінері сөзсіз. Сондықтан да ілім алу- әрбір ер мұсылман мен әйел мұсылманға парыз деп бекер айтылмаса керек. Ал, сол жасөспірім жастардың дұрыс ілім алулары үшін дұрыс жағдай жасалуы тиіс. Сондай- ақ, дәптер- қаламы түгел болған баланың оқуға деген құштарлығы артады. Осы күнге дейін осынау іс- шаралардың бастамасы болып келе жатқан «Мектепке жол» атты қайырымдылық шарасынан аудандық «Нұғман» мешіті қалыс қалған емес. Биыл да, яғни 2016 жылы мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 135 бүлдіршінге құрал- саймандарымен толтырылған сөмке берілді. Сөмке ішіне(өшіргіш 4 дана, күнделік- 1дана, қаламсалғыш- 1дана, желім- 2дана, сызғыш- 2дана, қалың дәптер- 20дана, жұқа дәптер- 20дана, сурет альбомы- 2дана, түс бояғыш- 2дана, қара қарындаш- 2дана, түүрлі- түсті қарындаш- 1дана, қаламсап- 3дана, ұш шығарғыш- 2дана, дәптер және кітап қаптары 15- данадан, фломастер- 1дана, есепшығарғыш- 1дана, пластелин- 2дана, өшірілетін тақтайша- 1дана) көптеген қажетке жарарлық заттар салынды. Сонымен қатар 50 отбасына фирмалық дүкендерден алынған мектеп оқушыларына арналған костюм шалбарлары және бүлдіршіндерге арналған жаздық және күзгі шортылар таратылды.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

 SAM 812

 SAM 813

 SAM 814

 SAM 815

 SAM 816

 SAM 817

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38