Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық «Ырыс алды – ынтымақ» форумы өткізілді. ІХ қоғамдық форум «Салт-дәстүрлік іс-шаралардың деңгейін биіктетудегі зиялылардың, ардагерлердің және жастардың рөлі» тақырыбында өрбіді. Форумға қала, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесінің төрайымдары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, құқық қорғау қызметкерлері, ауыл билері мен ауыл ақсақалдары, жастар мен өнер адамдары қатысты.
«Жастар – тәуелсіз елдің болашағы» тақырыбында «Әбу Мәнсур әл-Матуриди» мешітінің наибимамы М. Күзембаев баяндама жасап, Шардара аудандық «Шардара» орталық мешіттің бас имамы А. Данияров имандылық тақырыбында«Жастар тәрбиесіне кім жауапты», «Діни ағымдардың алдын алу», тағы да басқа өзекті деген мәселелерді ортаға салды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі