Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым – қатынастарын білдіреді. Шардара орталық мешітінде аудан имамы А. Данияров «Садақаның сауабы, – жайында уағыз – насихат айтып, соңынан Е. Сәлімбаев, Е. Бұхарбаев сынды азаматтардың қайырымдылығымен асыраушысы жоқ, аз қамтамасыз етілген көп балалы 11 отбасыға еттей жәрдем етілді. Ислам дінінің бір адамның жеке басының пайдасы емес, тұтас қоғамның, халықтың пайдасы мен өркендеуін, сол арқылы әрбір тұлғаның да өсуін көздейді. Мал – мүліктің шынайы иесі Алла Тағала оны адамдарға пайдалану үшін беретіні сөзсіз. Сондықтан ондай байлыққа ие болған адам оны пайдаға асырып, басқалардың да игілігіне қолдануы қажет.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.