SAM 806

 SAM 806

 

 

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жариялаған «Дін мен дәстүр» бастамасы аясында облыс әкімдігі мен облыстық дін істер басқармасының ұйытқы болуымен Шымкент қаласы облыстық «Қазақстан Шымкент» телеарнасынан «Дендегі дәстүрдің маңызы» атты имандылық телехабары жарық көруде. Телехабардың жүргізушісі болып белгілі журналист Төребек Байтасов өз тізгіне алды. Бұл апта сайын жарты сағаттық бағдарлама жыл соңына дейін жалғасын табады. Оған жергілікті қазнадан қаржы бөлінді.
Осы телехабардың алғашқы түсіріліміне ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, дін мен дәстүр төңірегінде сұхбат берді.
Осындай имандылығымыз бен дәстүрімізді дәріптейтін бағдарламалар саны арта берсін дегіміз келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 SAM 806

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38