Бүгін, Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игілікті шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет» қорының басшысы Айбек Азимбаев, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, «Жастар секторы» жетекшісі Анарғали Керімбеков және қалалық «Жария» қайырымдылық бірлестігінің басшысы Марат Әбіловтер қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға 16 тонна бақша өнімдері (қырыққабат) таратылды.
Шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы қайырымдылық бағытта атқарылып жатқан жұмыстары туралы «Хабар 24» телеарнасына сұқбат берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі