SAM 802

 SAM 802

Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе- колледжінде 2016-2017 оқу жылына талапкерлерды қабылдау кешінді емтихаты болып өтті.
Емтихан алу жұмысына ҚМДБ-ның білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Анарқұл Сармановтар қатысты. Биылғы жылы емтихан тест және арнайы шығармашылық пән негізінде алынды.
ҚМДБ бекіткен «Исламтану» факультетінің «Имам Хатиб» және «Ислам негізі пәнінің мұғалімі» пәндеріне жалпы саны 203 талапкер құжат қабылданды. Нәтижесінде ерлер бөліміне 135 талапкер қабылданып, оның ішінде 100 талапкерге (грант) тегін оқу мәртебесі берілді. Ал қыздар бөліміне 32 қыз-бала қабылданды.
Аталмыш оқу ордасында студенттерге барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, жатақхана, асхана, кітапхана, спорт зал, мешіт, компьютерлік сыныптар, қыздар бөліміне тігін цехі, т.б. қажетті дүниелермен қамтамасыз етілген.
Атап өту керек, тұңғыш рет ресми түрде биылғы жылдан бастап медресеге 9-11 сынып бітіргендер қабылданды. Сондай-ақ, медресе ұжымына жуырда ғана алған «медресе-колледж» деңгейіне көтерілген лицензиясы құтты болсын дегіміз келеді.
Алла Тағала шәкірттеріміздің зейін ашып, мол ілім нәсіп етсін!

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 SAM 800

 SAM 801

 SAM 802

 SAM 803

 SAM 804

 SAM 805

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38