Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы аясында қолға алынып отырған «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық шарасы жалғасуда.
Дәлірек айтқанда, игі шараға Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Сәуле мөлтек ауданы «Сәуле» мешіті мен қалалық «Зекет» қорының тікелей ұйымдастырумен мешіт жанында тұратын жалғысбасты қарт ананың тозығы жеткен ескі үйі сүріліп, орнына жаңа үйдің құрылысы салынып жатыр.
Құрылыс жұмыстарын Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов өз назарында ұстап, қадағалап отыр.
Осы шараға қол ұшын беріп, қаржылай қолдау көрсеткен мешіт жамағаты мен өзгеде азаматтарға Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38