Биылғы жылғы Рамазан айы ерекше жағдайда өткізіліп жатқаны белгілі. Төтенше жағдай талаптарын ескеріп Шымкент қаласы орталық мешіті «Ауызашар қоржыны» атты жобаны жүзеге асыруда.
Игі шара ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов және қажылық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлының бастамасымен жүзеге асырылды.
Игі шара барысында алдын-ала тізімге енгізілген, ораза тұтқан жағдайы төмен, көпбалалы отбасыға (су, айран, ыстық тамақ, нан, құрма, шәй, түрлі салаттар мен тәттілер) жеткізілуде.
Айта кету керек, бүгінде қаладағы «Шейх Мұхаммед Садық» және «Торлан» мешіттерінде тұрақты жүргізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі