Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры бірлесіп «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
Игі шарада жуырда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен тағайындалған Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдай төмен, көпбалалы 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Бір отбасыға жұмсалған қаржының құны 15000 теңгені құрайды.