Бүгін Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры бірлесіп «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
Игі шарада жуырда Бас мүфтиіміздің бұйырығымен тағайындалған Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдай төмен, көпбалалы 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Бір отбасыға жұмсалған қаржының құны 15000 теңгені құрайды.
Осы шараға қолдау көрсетіп, демеушілік еткен азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі