Шымкент орталық мешіті мен «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «#Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы жалғасуда.
Игілікті шарада Шымкент қаласы аумағында «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты уақытша жабылған 18 блок бекеттеріндегі 300-ден астам арнайы қызметкерлерге түскі тамақ таратылды.
Болк бекеттерге Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров бастаған имамдардан құралған еріктілер тобы жұмылдырылды.
Аталмыш шараның жоғары деңгейде өтуіне Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істер басқармасының басшылығы тарапанына үлкен қолдау білдірді. Және шараға демеушілік жасаған барша азаматтарға соның ішінде сүт өнімдері бойынша көмек берген «Сайрам сүт» ЖШС басшылығына алғыс білдіреміз.
Осы орайда, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің дер кезінде қолға алған «#Жүрек жылуы» шарасына елдің амандығы үшін қызметте тұрған Түркістан және Шымкент қаласына қарасты қызметкерлер ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38