Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Azattyq Rýhy порталының «Азат алаң» бағдарламасына сұхбат берді.

Наурызбай қажы Тағанұлы сұхбатында карантин кезінде пітір садақаны қалай төлеуге болатынын, онлайн намаз, иммунитеті әлсіз адамдарға ауыз бекітуіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Бас мүфти сонымен қатар биылғы Рамазан айында кейбір діни жоралғылардың орындалмайтынын, яғни тарауық намазы әдеттегідей жамағатпен оқылмайтынын, көпшілік үшін аузашар берілмейтінін түсіндіріп өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38