Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мақсатбек қажы Тоқтомушев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман әлеміне жасаған үндеуіне қолдау білдіріп, дұға етуге шақырды.
Өзінің қолдауын ҚМДБ-ға жолдаған хатында толық баяндаған. Сондай-ақ Қырғызстан мүфтиятының сайтында да жарияланды. Қырғызстан мүфтиі жолдаған хатта:
«Бауырлас елдердің ынтымағын арттырып, сан ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрді жалғастарғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Біз Сіздің мұсылман әлеміне жолдаған осынау Үндеуіңізге үнсіз қала алмаймыз, бауырлас қырғыз халқы да бір мезетте дұғада болмақ. Әлемді жайлаған індетпен күресте мұсылманның қаруы болған дұға арқылы күресуге біз де шақырамыз. Қиын сәтте барша мұсылманның тізе қосып, бірлікте дұға етуіне шақырған Үндеуіңізге қолдау білдіреміз» делінген.
Еске сала кетсек, ҚМДБ төрағасы 10 сәуір күні жұма намазының уақытында барша мұсылман жұртшылығын Аллаға дұға етуге шақырған болатын.