Бүгін, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын ұйымдастырылды.
Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында 2 адам Сovid-2019 жұқпалы індетіне шалдыққан болатын. Бұл жұқпалы індет жұқтырған аумақ толығымен 14 күнге жабылып, үй жағдайында ем-дом шаралары жүргізілуде. Аталмыш аймақтағы отбасылар азық-түлік пен өзгеде заттарға мұқтаждықтарын айтып, хабарласуда. Осы мәселені ескеріп, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев бастаған Абай аудан имамдары, «Зекет» қоры мен «Жастар секторы» өкілдері 75 отбасыға 2,5 тонна азық-түлік пен 1300 дана бетперде таратылды. Аталмыш шара «https://Youtube/u4dyXQkjaxk» әлеуметтік желіллерде ролик етіп насихатталуда.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі