Жаңа ай туды. Халық арасында: «Ескі айда есіркеп, жаңа айда жарылқа», дейтұғын дұға бар. Үстіміздегі жаңа ай шағбан айы. Пайғамбарымыздың(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
اللهم بارك لنا في رجب و شعبان و بلغنا رمضان
«Жаратқан ием, ережеп пен шағбан айларында береке бер, рамазан айына жеткізе гөр», – деп дұға оқуы әдеті еді.
Ислам діні бойынша, ережеп, шағбан және рамазан айлары ораза айлары. Үш шақ болғанындай, ережеп айы тездетіп өте шықты. Рамазан айына дейін не боларын бір Алла біледі. Сондықтан, үстіміздегі Шағбан айында Алланың ризалығына бөленіп, сауабына кенелу үшін құлшылыққа ден қойған жөн.
Пайғамбарымызхазреті Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)шағбан айында ораза ұстауға ережеп айынан қарағанда басымдау иілетін, құлшына кірісетін.
Айша (р.а.) анамыздан риуаят етілген хадис шәріпте:
عن عائشة رضي الله عنها أنها قالت:وما رايت رسول الله صلى الله عليه وسلم استكمل صيام شهر الا رمضان ‘ وما رايته اكثر صياما منه في شعبانكان يصومه كله إلا قليلا بل كان يصومه كله
«Расулулла (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айынан басқа айдың оразасын (ай бойы)толық ұстағанын көрмедім. Шағбан айында ұстағандай көп ораза ұстағанын (басқа айда) көрмедім. Ол (шағбан) айының тек кей күнін ғана оразасыз өткізетін. Бәлкім, шағбанның көп күнін ораза ұстайтын»,-дейді. Бұл хадистен Пайғамбарымыздың рамазаннан кейін ең көп ораза ұстаған айы шағбан екені белгілі болып тұр.
في الصحيحين « عن عمران بن حصين رضي الله عنه، أن النبي صلى الله عليه وسلم قال لرجل: (هل صمت من سرر هذا الشهر شيئاً؟) قال: لا، قال: (فإذا أفطرت فصم يومين) ». وفي رواية لمسلم: « (هل صمت من سرر شعبان شيئاً؟) » [أخرجه البخاري:4/200، ومسلم:1161].
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісіден: «Бұл айдың (яғни, шағбан айының) ортасында ораза тұттың ба?», – деп сұрады. Әлгі кісі: «Жоқ», – деді. Пайғамбарымыз: «олай болса, (шағбан айында ораза ұстамағаның үшін) оның орнына рамазан айы біткеннен кейін, аузың ашық болғанда екі күн ораза тұт», – деді», – делінген. Бұл хадисті екі шайх Бұхари мен Мүслим риуаят еткен. Бұл хадистен шағбан айында еш болмаса, екі күн ораза ұстау керек екені келіп шығады. Сосын, неге шағбан айында мұншалық нәпіл орза ұстауға көңіл бөлінеді, деген сұрақ туылуы мүмкін. Бұл сұраққа жауапты имам Насайдың сунан кітабында жауап берілген. Онда:
عن أسامة بن زيد -رضي الله عنهما- قال: (قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ لَمْ أَرَكَ تَصُومُ شَهْرًا مِنَ الشُّهُورِمَا تَصُومُ مِنْ شَعْبَانَ. قَالَ: ذَلِكَ شَهْرٌ يَغْفُلُ النَّاسُ عَنْهُ بَيْنَ رَجَبٍ وَرَمَضَانَ وَهُوَ شَهْرٌ تُرْفَعُ فِيهِ الأَعْمَالُإِلَى رَبِّ الْعَالَمِينَ فَأُحِبُّ أَنْ يُرْفَعَ عَمَلِي وَأَنَا صَائِمٌ) رواه النسائي، وحسنه الألباني
Усамадан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «О, Алла Елшісі, айлардың ішінде шағбанда ораза ұстағаныңыздай ораза ұстағаныңызды көрмедім», деді. Пайғамбарымыз: «бұл сондай ай, адамдар одан бейғам. Ол ережеп пен рамазан айының арасындағы ай. Ол сондай ай, амалдар Робулаламин Алланың құзырына көтеріледі. Менің (жыл бойы) жасаған амалдарым Алла құзырына көтеріліп жатқан шақта оразалы болуды жақсы көремін», -деді», – делінген. Демек, жыл бойы жасаған амалдарымыз қортындыланып, осы шағбан айында Алланың құзырына көтерілмек.
Сахабалардың әрі олардан кейін өткендердің дәуірінде шағбан оразасына құлшыныс күшті еді. Сол заманда өткен Ибн Ражап (рахимаһулла): «Шағбан айында ораза, харам айларындағы яғни, ережеп айындағы оразадан абзал. Нәпіл оразалардың абзалы рамазаннан бұрын немесе кейін ұсталған оразалар. Рамазаннан бұрын немесе кейін ұсталатын оразалар парыз намазынан бұрын немесе кейін оқылатын сүннет намаздар тәрізді. Сүннет намаздар парыз намазға дайындағанындай және парыз намаздардағы кемшіліктердің орнын толтырғанындай рамазаннан бұрын немесе кейін ұсталатын оразалар рамазандағы парыз оразаға дайындық боп табылады және кемшіліктерін жабады. Парыз намазынан бұрын немесе кейін оқылатын сүннет намаздар басқа нәпіл намаздардан артық болғаны сияқты рамазан айынан бұрын ұсталатын шағбан айының оразасы басқа айлардағы оразалардан артық тұрады», деп баға берген. Мұның үстіне ораза ұстау парыз саналатын рамазан айы кірместен бұрын шағбан айында ораза ұстауға жақсылап машықтанып алып, рамазан айына кірсе, оның оразасы күштіораза болмақ. Рамазан айындағы отыз күн оразада қиналмайды. Рамазан оразасына дейін шағбан оразасын ұстаған адам оразаға қатысты барлық мәселелерді үйреніп, меңгеріп рамазан оразасын күш-қайратымен, ықыласымен,жігеріментолық атқарады.
Шағбан оразасы туралы барлық хадистерді жинақтап оқыған адамға, шағбан оразасы туралы мынадай да хадистер кезігеді.
أخبرنا الحسين بن إدريس الأنصاري قال حدثنا هشام بن عمار قال حدثنا عبد الحميد بن أبي العشرين قال حدثنا الأوزاعي قال حدثني يحيى بن أبي كثير قال حدثني أبو سلمة بن عبد الرحمن قال حدثني أبو هريرة قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم لا تقدموا بين يدي رمضان بيوم أو يومين إلا رجل كان يصوم صياما فليصمه».
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазаннан бір-екі күн бұрын ораза ұстамаңдар. Тек егер бір кісінің әдеті бойынша оразасы болса, ол ораза тұтсын», -деген. Бұл хадисті оқыған адам хадистің түсіндірмесіне жүгінбесе, оны дұрыс, жақсылап сұрап, түсініп алмаса, шағбан айында ораза ұстауға болмайды екен деген ойға баруы әбден мүмкін. Негізі қалай, шариғат ғұламалары бұл туралы не айтады?!
Насаралар мен жөһүдтеряғни өзге дін өкілдері өздеріне парыз етілген оразаның қай күні басталатынына күмәнданып, оразаны уақытынан бір екі күн бұрын ұстайтын, нәтижеде күннен жаңылысып, нәпіл мен парызды аралыстырып, екеуінің айырмашылығына бармай қойды.
Ислам дінінде бұл сияқты екілену, нәпіл мен парызды араластырып жіберуге рұқсат жоқ. Нәпіл мен парыздың дәрежелері мүлдем бөлек. Нәпілді парызға, парызды нәпілге теңеуге болмайды. Мұсылмандар әрбір ғибадатты жеке ниетпен бекітіп, нәпілді нәпіл орнында, парызды парыз орнында өтеуі керек. Сондықтанпайғамбарымыз рамазанға бір екі күн қалғанда ораза ұстаудан қайтарған. Шариғат бойынша, рамазан оразасын бір-екі күн бұрын бастау харам, макрух дегендерде бар. Бірақ, бір адам белгілі күндерде, мысалы, дүйсенбі, бейсенбі күндері нәпіл ораза ұстап жүруге әдеттенген болса, шағбан айының соңғы күндері ол кісінің ораза ұстайтын дүйсенбі, бейсенбі күндеріне тура келсе, шағбан айының ең соңғы күнінде ораза ұстауына болады. Жоғарыдағыхадисте: «Тек егер бір кісінің әдеті бойынша оразасы болса, ол ораза тұтсын», деп рұқсат берілді. Сондай-ақ, кейбіреулер нәзір оразаға ниет етіп қойған болса, оларда нәзір оразаларын ұстай береді.
Шағбан айында нәпіл ораза ұстаудың сауабы мол.
عن أبي سعيد رضي الله عنه قال: سمعت النبي صلى الله عليه وسلم يقول: (من صام يوما في سبيل الله، بعد الله وجهه عن النار سبعين خريفا). وواه البخاري ومسلم وأصحاب السنن ما عدا أبو داود.
Имам Бұхарий мен имам Мүслим (р.а.)Әбу Сайдтан (р.а.) риуаят еткен хадис шәріпте: «пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім Алла үшін бір күн ораза ұстаса, Алла оның жүзін тозақтан жетпіс күз қашық қылады», -деді», -делінген. Алла тағаланың ризалығын табу мақсатында ықыласпен нәпіл ораза ұстаудың сауабы қаншалықты екенін осы бір хадистен-ақ байқау қиын емес. Негізінде, тозақтан бір сәт болса да қашықтау мұсылман адамның үнемі ойында жүреді. Бір күн нәпіл ораза ұстау тозақтан жетпіс жылға алыстатады. Мұны білген мұсылман шамасы келгенше нәпіл ораза ұстауға ұмтылу қажет.
Ендеше, рамазан айы жақындап қалды, парыз оразаға санаулы-ақ күндер қалды, рамазаннан рамазанға дейінгі аралықта, бір жылдың ішінде бір күн ораза ұстадық па? Оразаның сауабын бұрын білмесек, бүгін білдік. Парыз намазбен шектеліп қалмай, нәпіл намаз оқығанымыз сияқты, парыз ораза мен шектеліп қалмай, нәпіл ораза да ұстайық. Алда парыз ораза рамазан оразасы басталмақ. Парыз оразаны барша мұсылмандар ұстайтынына шәк жоқ. Өйткені, Рамазан айлардың сұлтаны. Алла алдағы оразаларды баршамызға қолайлы етсін!
Алла тағала пенделерінің күнәларын жарылқау үшін, пенделерінің жасаған ғибадат, құлшылықтарының сауабын еселеп көбейту үшін, пенделерінің оқыған дұғаларын, тілеген тілектерін дереу, тездетіп қабыл ету үшін түрлі айларды, түндер мен күндерді ерекше етіп, қасиетті қылып, сауабын артырып қойды. Шағбан айының 14-15 қараған түн қасиетті түн саналады. Бұл түнді – күнәдан тазару түні деп те атайды. Ислам ғұламаларының сөздеріне сүйенсек, Қадыр түнінен кейінгі ең ұлық түннің бірі.
Шағбан айының ортасындағы түнінің ұлықтығы жайында Али (р.а.): «Қашан Шағбан айының тура ортасындағы түн келсе, ол түнді ұйқысыз (ғибадатпен) өткізіңіздер. Ал, күндізі ораза ұстаңыздар. Өйткені, Алла күн батар уақытта дүние аспанына түсіп: «Кешірім сұрап (жарылқауымды тілеп, астағфирулла, деп) истиғфар айтушы бар ма? Кешірейін. Ризық-несібе талабын тілеуші бар ма? Ризығын арттырайын. Ауру сырқат, қиналып қалған жан бар ма? Шипасын, жеңілдігін берейін. Пәленше қайда, түленше қайда? (деп сұрайды)»,- дейді. Таң атқанша солай жалғасады», делінген. Хазіреті Әлидей ұлық сахаба мұны жайдан жай айтпайды. Әрине, мұны пайғамбарымыздан есітіп, ол кісі өз сөзімен жеткізген. Осы риуаят бойынша шағбан айының қақ ортасындағы түнде, күндізде ерекше уақыттар екені белгілі болды.
Ибн Мәжаһ, имам Термизи мен имам Ахмадтан келген хадисте Айша анамыз: ( سنن ابن ماجة )
1389 حدثنا عبدة بن عبد الله الخزاعي ومحمد بن عبد الملك أبو بكر قالا حدثنا يزيد بن هارون أنبأنا حجاج عن يحيى بن أبي كثير عن عروة عن عائشة قالت فقدت النبي صلى الله عليه وسلم ذات ليلة فخرجت أطلبه فإذا هو بالبقيع رافع رأسه إلى السماء فقال يا عائشة أكنت تخافين أن يحيف الله عليك ورسوله قالت قد قلت وما بي ذلك ولكني ظننت أنك أتيت بعض نسائك فقال إن الله تعالى ينزل ليلة النصف من شعبان إلى السماء الدنيا فيغفر لأكثر من عدد شعر غنم كلب .
«Пайғамбарымызды түндердің бірінде жанымнан таба алмай қалдым. Содан ол кісіні іздеп шықтым. Қарасам, Бақидегі зияратта (Бақи Медине қаласаындағы зиярат) басын көкке көтеріп аспанға қарап тұрған екен: «Ей Айша, Алла және оның Расулы сенің қасыңнан кеткенінен қорықтың ба?» деді. Мен: «Сіз басқа әйелдеріне кетіп қалған шығар, деп ойлап ем», дедім. Ол кісі: Әлбетте, Алла шағбан айының ортасындағы түнде дүние аспанына түседі әрі Кәлб қаумы қойларының жүнінің санынан артық адамның күнәсін мағфират етеді», деді.
Кәлб араб қауымы. Сол замандарда олардың қойлары көп болғаны соншалық санына жетпес еді. Ойлап көретін болсақ, бір қойдың үстінде қанша жүн болатынын кім санап көріпті? Арабтардың ішіндегі ең көп қойы бар қауымның қойларының жүн түктері қанша болады? Пайғамбарымыз бұлай деуінен мақсат, шағбан айының ортасында Алла тағала өте көп күнәларды мағфират етуін білдіріп, сол қауымның қойларының жүнінің санынанда көп деп айтып өткен. Бұл сол түн өте абзал, қасиетті екенін нақты білдіріп тұр.
Шағбан айы былайша дәріптелінеді: «Шағбан арабша бес әріптен тұрады. Шин, айн, бә, әлиф, нун. Шин – Алла Тағаланың шарапаты дегеннен алынған, айн – дәрежесі көтеріледі, дегенді білдіреді, бе- Алланың жақсылығы, әлиф –Аллаға жақындау, нун – Алланың нұры деген сөзден алынған. Яғни, осы айда ораза ұстаған адамға Алланың шарапаты жауады, Алла құзырында дәрежесі артады, Алланың жақсылығы төгіледі, Аллаға жақындай түседі және Алланың нұрына бөленеді деген мағына келіп шығады.
Алдымызда мүбарак рамазан айы келе жатыр. Бұл айлар баршамызға құтты келсін, көкіректегі тақуалық сезімдеріміз оянып, ғибадат, құлшылыққа бел бууды Алла жазсын.
Саңлақ сахабалар осы шағбан айын босқа, бекер сөздермен өткізбейтін. Оның орнына ораза ұстап, құлшылыққа бейімделіп, қасиетті Құран Кәрімнің сүрелерін көп оқып, жаттайтын. Жағдайы бар мұсылмандар мұқтаждарға садақа беретін.
Сондықтан осы мүбарак айды мүмкіндігінше ізгі амалдармен, ғибадатпен өткізуге тырысайық ағайын!
Шағбан айы баршаңызға құт береке әкелсін! Бәріміздің шаңырағымыздан береке, бірлік жоғалмасын. Ел аман, жер тыныш болсын. Әмин!