Бүгін «Шымкент» медресе-колледжінің конференция залында «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында танымдық-рухани семинар ұйымдастырылды.
Семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсемай, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ербол Қалшабек бастаған ұстаздар қауымы мен имамдар қатысты.
Семинар барысында спорт секторы Ербол Қалшабек қоғам мен отбасында әке мәртебесін күшейту тұрғысынан дәріс оқыды.
Семинар соңында шаһар бас имамы бастаған һәм аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерге «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




