ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРІНДЕ «ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ КІСІНІҢ МӘРТЕБЕСІ » тақырыбында Жұма уағызы айтылды. Бақтыбай қажы Бейсенбаев,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Шымкент қаласының орталық мешіті» АҚ МЕШІТТЕ » Жұма намазын өткізді. аят: لَهُنَّ مِثْلُ الَّذِي عَلَيْهِنَّ بِالْمَعْرُوفِ «Әйелдердің күйеулерінің алдында міндеттері болғанындай, ер азаматтардың да әйелдерінің алдында заңды міндеттері бар» Қысқаша түсіндірме: Бұл жердегі міндет – ер адамның жанұя напақасын табу, әйелге көркем мінезбен қарым-қатынас жасау, зиян келтірмеу Ана мәртебесі Исламда «Жәннат – аналардың табанының астында» деп ананың тұлғасын ерекше ұлықталған. Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір адам келіп: «Уа, Алланың Елшісі, кімге жақсылық жасайын?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Анаңа», – деп жауап береді. Әлгі адам екінші рет: «Одан кейін кімге жасайын?», – дегенде, – «Анаңа» деген жауап алады. Әлгі адам тағы: «Одан кейін кімге жақсылық жасайын?», – дегенде Пайғамбарымыз үшінші ретте де «Анаңа», – деп жауап береді. Тек төртінші рет тағы да «Одан кейін кімге?», – деп қайталағанда, Пайғамбарымыз: «Әкеңе», – дейді. Бұл хадис Исламда ананың мәртебесі үш есеге жоғары екенін көркем түрде жеткізген. Құран аяттарымен Хадистер айтып намаз соңында дұға жасады. رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың) алды ете гөр!»