Бүгін, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі руханияттың рөлі» атты өңірлік семинары ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар туралы хабарлама жасады.
«Құран Кәрімде жемқорлықтың қылмыс болып саналатындығын бірнеше аяттар арқылы ескерткен. «Араларыңдағы малдарыңды (дүниені) бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ, біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» ( Бақара сүресінің» 188-аят) деп әмір етілген. Ұлы Жаратушы Алла Тағала жемқорлықты барынша айыптап, оған ауыр жаза болатындығын ескерткен. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде пара беру мен алуға қатысты тыйымдар өте көп кездеседі. Әбу Дәуід және Тирмизиде сахаба Абдулла бин Амрдан (р.а.) жеткен хадистерде:«Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пара берушіні және пара алушыны қарғыс еткен» дейді. Демек, пара алу мен қатар пара беру де күнә болып есептеледі.» , – деді Бас имам Б.Бейсенбаев.
Сондай-ақ, семинар барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов мырза сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою бойынша алдын алу және имандылық, рухани-адамшгершілік жағдайын қалыптастыру, кез келген заң бұзушылыққа төзбеушілік танытуда белсенді болуға шақырды.
Осы орайда, насихат жұмыстарына мешіттердегі дін өкілдерінің орны айрықша екендігіне тоқталды.
Осыдан кейін, Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысының орынбасары Жанар Бектаеваның хабарламасы тыңдалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Семинар жұмысы алдағы уақыттарда мешіттер мен өзгеде мекемелерде келімісім бойынша жиі ұйымдастырылатын болып, дін өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында үшжақты келісім бойынша жоспарланған жұмыстар қолға алынатын болып шешілді.
Жалпы, пара мен дүниеге қызықпай, тура жолмен жүргенде ғана өмірің мағыналы, Алланың алдында және халықтың алдында қызметің мен беделің жоғары болатындығы анық.
Қасиетті Құранның «Ибраһим» сүресі, 7-аятында: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін», деп адам баласына қанағатшыл болуды ескерткен. Парадан аулақ болып, ел сенімін ақтап, Алла Тағаланың тура жолымен жүруді жазсын!
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкіл имам орынбасары