Жуырда, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасы аясында өткен халықаралық шараны насихаттау барысында Шымкент бойынша өкілдігі «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» аймақтық форумын өткізді.
Форумға ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсесінің басшысы, наиб мүфти, Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің ректор бастаған делегация, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін басқармасы «Діни мәселелерді зарттеу орталығы» басшылығы және Шымкент, Түркістан, Қызылорда облысының өкіл имамдары т.б. ұстаздар мен студенттер қатысты.
Форум жұмысына наиб мүфти, PhD докторы Алау Әділбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Алдымен мәртебелі қонақтар қатарында Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің ректор, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди мырза «Имам Матуруди ақидасының жастарға берері мол» екендігі туралы арнайы баяндама жасады. Осыдан кейін исламтанушы, PhD докторы Қайрат Құрманбаевтың «Имам Матуруди және жастар тәрбиесі» тақырыбында дәріс оқыды. Мұнан соң, «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» директоры Асылбек Әуесханұлы «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, форум аясында Шымкент қаласының бас имамы Б.Бейсенбаев жастарға арнайы үндеу жариялады.
Жалпы, форумда Имам Матуруди ақидасы туралы, жастардың түрлі кереғар ағымдардан сақтануы, салт-дүстүрлерге берік болуы, отанды сүю, білім алудың артықшылығы т.б. өзекті мәселелер орталаға салынып, жастар өздеріне мол ақпарат алды деп санаймыз.
Осы орайда, форум жұмысына АИУ-нің ақпараттық жаратылыстану иститутының акт залын ұсынған оқу орынның басшылығына ризалық білдіреміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі