Шымкент қаласы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешіті жанында Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетіне дайындық бөлімінің ресми ашылу салтанаты болып өтті.

Ресми шараға ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсесінің басшысы, наиб мүфти,  PhD  докторы  Алау Әділбаев,  Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің  ректоры, профессор  Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид  Мухаммад ал-Жинди мырза, аталмыш оқу орынның проректоры исламтанушы, PhD  докторы Қайрат Құрманбаев, Рахымжан Әкімбековтер бастаған мәртебелі қонақтар т.б. жергілікті азаматтар қатысты.

Ашылу шарасында мәртебелі қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, зәулім ғимарат салып берген азаматтарға алғыстарын жеткізді.      

Осы оқу ғимаратының салынуына себепкер болған А.Мырзахметов, Ә.Тойшиев, Р.Алпысбаев және Ералы Есенгелдиевтерге Алла разы болсын.

Жалпы, ғимарат үш қабаттан тұрады. Онда 7 жатақхана,  2 асхана,  7 сынып бөлмелері мен дәрет салу бөлмелері қарастырылған. Мұнымен қатар, ұстаздар бөлмесі мен қабылдау бөлмелері заман талабына сай жасалған. Оқу орны 70 шәкіртке арналған.

Шара аясында арнайы қонақтарға кәде-сыйлықтар табыс етіліп, 200-ден астам жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38