Күндердің күнінде ойнап-секіруді, қыздармен көп көңіл көтеруді ғана білетін жігіт көшеде орамалдағы қызды көріп, сырттай ұнатып қалады. Оның қалай да телефон нөмірін алып хабарласып, кезекті бір көңіл көтеруді көздейді. Содан қыздың көршісінен нөмірін ала сала жігіт қызға телефон шалады:
— Қарындасым, жағдайың қалай? Өзің бір көрікті екенсің!, деп сөйлей бастайды. Қыз:
— Сіз кім боласыз? Мен танымадым…
— Біз екеуміз жақынырақ танысайық. Мен беделді отбасынан шыққан жігітпін.
— Менің телефоным әрқашан тыңдалады, бақылауда тұр.
— Кім тыңдайды? Ұлттық қауіпсіздік қызметі ме? Әлде Орталық барлау басқармасы ма?
— Менің телефонымды 24 сағат бойы жалғыз Алланың әмірімен екі періште бақылап отырады. Не сөйлесем сол жазылады. Мұны естіген жігіт есін жиып, телефонды үнсіз тарс етіп қоя салған екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы