Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Облыстық жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іш-шараға ҚМДБ-ның Шымкент қалалық өкіл имамының орынбасары М.Естеміров имандылық туралы сөз сөйлеп, әруақтарға құран бағышталды. Демеушілердің көмегімен киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылып, мерекелік дастархан жайылып, арнайы наурыз көже пісіріліп, тәрбиеленуші 100 аса жастарға ас тартылды.
Қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін көріністер қойылып, «бесікке салу», «тұсау кесу» салттары жастарға насихатталды. Мерекелік концерт қойылып, іс-шара «қол күресі», «гир көтеру» және «арқан тарту» сияқты ұлттық ойындармен жалғасын тапты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38