Шымкент. 19 наурыз. SHARIGAT.KZ – Шымкент қаласы, Абай аудандық, орталық «Абдурахман» мешітінде «Бір мешіт, бір үмбет, бір жамағат» тақырыбы аясында 18 наурыз күні ақшам намазынан соң ауызашар дастарханы жайылды. Жамағат арасында дүйсенбі күнгі сүннет ораза ұстаған жандарға арналған ауызашар дастарханына қонақ ретінде «Мастура қажы», «Айтбай ата», «Дін Ислам», «Атамекен» мешіттерінің жамағаттары келді. Аталмыш жиынға қатысты уағызды Абай ауданының бас имамы Исмаил Панов және «Атамекен» мешітінің имамы Оспанов Арыстан айтты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38