Күндердің күнінде ұстаз шәкіртімен бірге саябақта серуендеп жүреді. Кенет алдарында жолда бір ескірген, жыртылған аяқ киімді көреді. Бұл бір саябақта істейтін бақташының аяқ киімі болатын. Шәкір ұстазға:
— Ұстаз, мына аяқ киімді тығып қойсақ қалай болад?. Сосын анау жерге барып тығыламыз. Көрелік, бақташының қандай жағдайға түсетінін, деп ұсыныс тастайды мысқылдап. Ұстаз:
— Ей, балам, біз кедейлердің көңілімен ойнамауымыз керек. Сен болсаң дәулетті отбасынан шыққансың. Одан да бақташының көңілін түсіргенше, оны қуантып көрейік. Сен бар да аяқ киімнің ішіне біршама ақша салып қой. Сосы оның әрекетін бақылауық, дейді. Шәкірт келіседі де, аяқ киімге ақша салып, екеуі талдарың арасына барып жасырынады. Біршама уақыттан кейін әлгі бақташы келіп аяқ киімге қараса ішінде тола ақша болады. Жан-жағына қарап, өз көзіне өзі сене алмаған бақташы не істерін білмей дал болады. Ары-бері ойланған ол ақшаны алып, айналадан сұрайын десе жан адам болмағасын қалтасына салады да, дереу екі қолын жайып, тізелеп отырып қалады. Сосын дауыстап:
— Ей, жомарт иесі Алла Тағала! Менің әйелім науқас ал, балаларым ішерге астары болмағанды біліп мына ризықты нәсіп кеткеніңе мыңдай шүкір,-дейді де, көз жасына ерік беріп, біраз отырып қалады. Мұны бақытап тұрған шәкірт те жылап жібереді. Сонда ұстазы оған:
— Көрдің бе? Сенің ұсынысыңнан гөрі менің ұсынысым қазір сенің жүрегіңді нендей қуанышқа толтырғанын сездің бе?-дейді басын сипап. Шәкірті ұстазына:
— Сіз маған өмірде еш ұмытылмайтын сабақ үйреттіңіз. Өмірде біреуден алудан гөрі берудің нендей сезімге кенелтетінін енді түсіндім,-дейді көз жасын сүртіп. Сол уақытта ұстазы:
— Жақсылық жасаудың да түрлері көп екенін есте сақта. Шамаң келсе бауырыңнан кешірім сұраудың өзі — оған жақсылық. Бауырың үшін жасырын дұға етудің өзі — жақсылық. Бауырың туралы жаман ойдан өзіңді тежеудің өзі — жақсылық. Бауырыңның айыбын жайып салмай, тіліңе еге болудың өзі — жақсылық, шырағым,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы