Шымкент. 12 наурыз. SHARIGAT.KZ – Абай ауданына қарасты имамдар аудандық, орталық Абдурахман мешітінде кезекті мәжіліс өткізді.

Шымкент қаласы Абай ауданының бас имамы Исмаил Панов Абай ауданына қарасты мешіт имамдарымен кезесіп, алдағы жоспарларды талқылап әр мешітке қатысты берілген тапсырмаларды уақытылы орындалуын тапсырды.

Кездесу соңында мешіттердің дін қызметкерлері ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Зекет» қоры өкілдігімен бірлесіп аналарға құрмет ретінде сыйлық жасады. Дін қызметкерлеріне алғыстарын білдірген аналар ризашылықтарын жеткізіп, рахмет айтты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38