Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда білім алушыға барлық жағдай жасалған. Қазақ халқымыз «оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», – дей келе Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Ал, білімсіздік мұның қайшысы. Білімді адам ой-қабілетімен бірнәрсені түсінуге тырысады. Адам баласының тарихында мұсылмандардың әр қайсысы жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді. Сол себептен де Аллаһ тағала қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған аят «оқу мен жазуды игер» деген мағынаның берілуіде тегін емес ағайын. Енді білімнің маңыздылығы туралы хадистерде, Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уәсәлләм айтқан хадис шәріпте былай дейді:
«Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді! Ал ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылығына келер болсақ, оның артықшылығы – аспандағы толық айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай.
Шынында, ғалымдар пайғамбарлардың мұрагерлері, ал пайғамбарлар болса, өздерінен кейін динар да, дирһам да қалдырмаған, олар тек білімді мұра етті. Кімде-кім бұл білімді алса, онда ұлы сыбағаға қол жеткізді» (әт-Тирмизи риуаяты).
Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уәсәлләмнің Тағы бір хадис шәріпінде: «Алла Тағаланың бұл дүниеде білім ошақтарын іздейтін періштелері бар. Ол періштелер білім үйреніп отырған ортаны көрсе, біріне-бірі: «Мына мекенге келіңдер! Сендердің іздегендерің осы жерде», – деп сол ортаны қоршап, (білім үйреніп жатқандармен бірге) отырады. Ал, (ғылыми мәжілістен) қайтып, періштелер Алланың құзырына барғанда, Алла Тағала оларға: «Сендер куә болыңдар мен сол жерде (яғни, ғылым үйреніп) отырған баршаның күнәсін кештім», – дейді. Сонда бір періште: «О, жартқан Алла! Әлгі орында пәленше атты кісі болды, бірақ ол ілім алу үшін емес, өзінің бір қажеті үшін келіп еді», – деді. Сонда Алла Тағала: «Сендер куәгер болыңдар. Мен оның да күнәсін кештім», – деді», – деген. Тағы бір хадисте: «Олар (білім алушылар) сондай қауым олармен отырған адамдар ешқашан бақытсыз болмайды», – делінген.
Мұсылманмын деген әрбір ата-ана өз ұрпақтарын Ислам ілімінің парызы мен сүннеттімен сусындатсын, ал менің оған шамам жетпейді ол білімді қайдан табам деушілерге Шымкент қаласы, Рекордный № 4 өткелінде орналасқан «Шымкент медресесі» бар. Алғаш рет 2007 жылы «Шымкент медресесі» болып ашылды. Осы жылы түскен шәкірттер тізімі 76 ер бала, 51 Қыз бала болды. Медреседе ерлер және қыздар бөлімі бар: Қыздар бөлімінің оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тельман көшесі нөмірсіз үй.
Оқу орының материалдық-техникалық базасы білім заңдарында көрсетілген талаптарға сай келеді. Медресе оқу ғимараттары мен оқу корпустары, кітапхана, жеке жатақхана, спорт зал және материалдық потенциялмен толық қамтамасыз етілген. Оқу процесінде компьютер дәрісханасы, спорт кешені мен үлкен лекциялық залдар және арнайы салынғам мешіт қызымет көрсетеді. Оқу корпусы ІІ қабаттан тұрады. Оқу корпусында – оқу аудиториялары, әкімшілік, кітапхана және оқытушылар кабинеттері орналасқан. Оқу корпусы оқу үрдісіне сай қажетті жиһаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Жалпы кітап қоры 7 мыңға жуық.
Медресе бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуы жөнінде мәлімет.
2010 жылы Шымкент медресесін алғашқы 55 түлек «Исламтанушы» мамандығы бойынша бітірді. Оның 15 қыз бала, 40 ер бала.
2011 жылы медресемізден 62 түлек бітірді; Оның 34 қыз бала, 28 ер бала. 2012 жылы медресемізден 42 түлек бітірді. Оның 19 қыз бала, 23 ер бала. 2013 жылы медресемізде 53 түлек бітірді; Оның 14 қыз бала, 39 ер бала. 2014 жылы 43 түлек бітірді. Оның 17 қыз бала, 26 ер бала. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде оқу грантымен 10 түлек оқиды. Түркия Республикасы «Хасеки» медресесіне Шымкент медресесінің 20 түлегі оқуға түсті. Қалған түлектер бұйрық алған мешіт–медреселерде ойдағыдай қызмет атқаруда. Біз өз тарапымыздан түлектердің медреседен кейінгі тыныс-тіршіліктерін қадағалаудамыз. 2014-2015 оқу жылдарында медресені 50 түлек бітіреді.
Күні бүгінгі «Шымкент медресе колледжі» жеке мекемесіні бойынша 2015-2016 оқу жылында 19ер бала 14 қыз бала бітірді. Оның ішінде үздік оқығандарға10 қызыл диплом берілді.
Алдағы уақыт еншісіне 2017-2018 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облысының Дін істер басқармасының басшысы Б.Жалмурзаев мыразаның көмегімен «Шымкент медресе коллледж»не аталмыш тоғыз аудан бойынша болшақ талапкерлер қабылдауға дайындық барысындамыз. Ол көрсеткіш төмендегінше:
Облыс бойынша ҚМДБ филиалдары – мешіттердің 2017-2020 жылдарға арнаулы орта діни білімді маман – имам қызметіне қажеттілігі туралы мәлімет
Р/с | Қала, аудан атауы | ҚМДБ филиалдары – мешіттер саны | 2017-2030 жылдар аралығында арнаулы орта білімді маманға қажеттілік | Арнаулы орта білімді маманға қажеттілік мерзімі | Барлығы | |||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | |||||
Шымкент медресе – колледжі | ||||||||
1 | Кентау | 11 | 5 | – | – | – | – | |
2 | Бәйдібек | 37 | 20 | – | – | – | 5 | 5 |
3 | Түркістан | 63 | 41 | 5 | 6 | 7 | 6 | 24 |
4 | Созақ | 19 | 14 | 6 | 1 | 1 | 2 | 10 |
5 | Сайрам | 107 | 73 | – | – | – | 18 | 18 |
6 | Түлкібас | 46 | 25 | 11 | 5 | 2 | 1 | 19 |
7 | Шымкент | 102 | 56 | – | – | – | – | – |
8 | Төлеби | 55 | 40 | – | – | 4 | 5 | 9 |
9 | Ордабасы | 39 | 21 | – | 2 | – | 2 | 4 |
Барлығы | 479 | 295 | 22 | 14 | 14 | 39 | 89 |
Талғат Әсембай,
«Шымкент» медресе-колледжінің директоры