Шымкент. 12 наурыз. SHARIGAT.KZ – Дәстүрлі түрде өтетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты жобасы аясында ағаш егу шарасы ұйымдастырылуда.

Бүгін,  Шымкент қаласы орталық мешіттің найб имамы Бекайдар қажы Әміре, Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы бастаған ұжым орталық мешіт ауласында 50 түп жеміс ағаштарын отырғызды.

Кезінде, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) Меккеден Мәдина шаһарына қоныстанған кезде ең алғашқы жұмыстарының бірі ағаш отырғызудан бастаған болатын. Хадисте: «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі» (Имам Бұхари). тағы бір хадисте «Бір адам бір ағаш отырғызса, (амал) дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады».

          Ата-бабамыз «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп қанатты сөз қалдырған. Ендеше, табиғатты аялап, күтіп, баптау, гүлдендіріп  абаттандыру сауапты амал болып саналады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38