Шымкент. 1 наурыз. SHARIGAT.KZ – Махершала Али «Жасыл кітап» картинасындағы екінші пландағы рөлі үшін АҚШ киноакадемиясының «Оскар» марапатына ие болды, деп хабарлайды Islam.ru.
Айта кетсек, бұл марапатқа Сэм Рокуэлл («Билік»), Ричард Грант («Мені кешіре аласыз ба?»), сондай-ақ Адам Драйвер («Қара кландық») және Сэм Эллиот («Жұлдыз туды») те ұсынылған болатын.
«Оскар» марапатын табыстау рәсімінде Махершала Али бұл марапатын дұрыс ой-пайым жасауға тәрбиелеген әжесіне арнайтынын атап өтті. «Мен әжемсіз бұл жерде тұрмас едім» дейді актер.
Али (Махершалалхашбаз Гилмор) 1974 жылы Оклендте туған. Әу баста христиан болғанымен, 1999 жылы исламды қабылдаған. Ол ислам дінінің мұсылманның өмір сүру үлгісін жақсарта түсетінін жоғары бағалайтынын айтады.