Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қасиетті Түркістан қаласы «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» атындағы облыстық орталық мешітінде «Туысыңызбен қатынасыңыз түзу болсын» тақырыбы бойынша ақшам уағызын жүргізді.

«Алла Тағала ғана жалғыз. Басқамыздың бəріміз бауырлымыз. Осыған шүкіршілік етпесек, күпірлік қылған боламыз. Ислам діні – ағайынмен ара-қатынастың татулығын дəріптейді. Пайғамбарымыз (с.а.с) бауыр біткенмен туыстық қарым-қатынасын үзген жандардың жəннатқа кірмейтінін айтқан. Ал, мұсылман бұл дүниеде не үшін жүр, жəннат үшін емес пе? Ендеше жаннатқа кірер бір есіктің кілті туыспен байланыстың дұрыстығында» -деді өкіл имам Б.Бейсенбаев.

Сондай-ақ, жамағаттпен кездесу барысында жамағат тарапына қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек қажы Ақтамберді өз ризашылығын білдірді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38